Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бағалаушыларды іріктеу туралы хабарландыруы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) «Б» корпусының бос және уақытша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға конкурстық комиссия құрамына енгізу үшін  трансформация және жобалық бағыты бойынша бағалаушыларды іріктеуді жүргізеді.

Бағалаушы ретінде қатысуға ниет білдірген адамдар Агенттікке eqyzmet.gov.kz. интернет-порталында тіркелуі және gu.mustafanova@kyzmet.gov.kz электрондық поштасына еңбек  жолын растайтын құжаттарды жолдауы қажет.

Бағалаушылардың бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларында, оның ішінде тиісті ғылыми салада кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар болуы қажет.

 

Іріктеуге қатысу үшін өтінім беру мерзімдер:

 а.ж. 08.09 бастап 14.09. аралығы

Дата публикации
07 сентября 2023