Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) 2000 жылғы 27 қарашадағы №107 «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы 1-тарамағының 2) тармақшасына сәйкес тестілеу рәсімдерін және мемлекеттік қызмет персоналының бірыңғай автоматтандырылған деректер базасының (ақпараттық жүйе) үздіксіз жұмыс істеуін техникалық қамтамасыз ету жөніндегі операторды анықтау бойыша тендер жариялайды.
Осы тендерге қатысуға ынталы қатысушылар осы хабарландырудың қосымшасында көрсетілген талаптарға сәйкес болуы тиіс.
Қатысушылардың реквизиттері мен байланыс мәліметтері көрсетілген құжаттар 2019 жылғы 20 желтоқсан сағат 16.00-ден бастап 2019 жылғы 23 желтоқсан сағат 15.00-ге дейін k.aitakyn@kyzmet.gov.kz электрондық мекен-жайына қабылданады.
Агенттік қатысушы ұсынған құжаттар бойынша қосымша ақпаратты сұратуға құқығын өзінде қалдырады. Сұрау салуда көрсетілген мерзімде ақпарат берілмеген жағдайда, қатысушының өтінімін қабылдау өздігінен күшін тоқтатады.
Осы хабарландырудың қосымшасында көрсетілген талаптарға сәйкес болмаған жағдайда, қатысушы қайтарылады.
Осы хабарландыру бойынша байланысатын тұлға Айтақын Қ.. телефон нөмірі 8 (717) 2 75-34-41.
2019 жылғы
20 желтоқсандағы
хабарландыруға қосымша
Тестілеу рәсімдерін және мемлекеттік қызмет персоналының бірыңғай автоматтандырылған деректер базасының (ақпараттық жүйе)
үздіксіз жұмыс істеуін техникалық қамтамасыз ету
жөніндегі операторды таңдаудың шарты
Қатысушының қолында мыналар болуы тиіс:
- Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, облыс орталықтары мен облыстық маңызды қалаларында кемінде 24 жабдықталған тестілеу залы.
- Тестілеу залының әрқайсысы мыналармен қамтылау тиіс:
- кемінде 21 жұмыс үстелі және орындықтар;
- тестілеуге арналған веб-камералары бар кемінде 21 компьютер;
- кемінде 2 бейнебақылау камерасы;
- бір өңірге шаққанда кемінде 1 бейнесервер;
- Мемлекеттік органдардың біріңғай көлік ортасының ішінде өткізгіш қабілеті секундына 10 Мб қорғалған байланыс арнасы.
- Тестілеу залдарының орташа алаңы кемінде 30 шаршы метр болуы тиіс.
- Орталықтан тәулік бойы бейнежазба жүргізу үшін жазбасы кемінде 6 ай сақталатын кемінде 1 бейнесервер.
- Тестілеуді орталықтан мониторингіліу үшін Нұр-Сұлтан қаласындағы тестілеу залдары үшін кемінде 24 оператор, 2 оператор, тестілеуді талдау үшін Нұр-Сұлтан қаласында 3 сарапшы.
- Желілік ақпараттық қауіпсіздікті мониторингілеу және мемлекеттік қызмет персоналының бірыңғай автоматтандырылған деректер базасын (бұдан әрі - ақпараттық жүйе) басқару үшін серверлерін басқару үшін кемінде 3 маман.
- Кемінде 30 құлаққаппен қамтылған кемінде 50 оператордың жалғану мүмкіндігі бар Байланыс орталығына арналған жабдық.
- Ақпараттық жүйенің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін төмендегілер үшін білім базасы бар кемінде 17 оператор:
- ақпараттық жүйенің жұмыс істеу мәселелері бойынша жүгіну өтініштерін тіркеу;
- жергілікті орыннан мемлекеттік органдарға кеңестік және практикалық көмек көрсету;
- ақпараттық жүйенің пайдаланушыларына функционал бойынша нұсқаулық өткізу;
- ақпараттық жүйенің жұмыс істеуінің мәселелерін анықтау;
ақпараттық жүйенің қолданбалы және серверлік бағдарламалық қамтамасыз етуін орнату және басқару;
- ақпараттық жүйенің функционалын оның жұмыс қабілетіне байланысты тестілеу;
- өңделетін ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету;
- ақпараттық жүйенің мәліметін және компоненттерінің конфигурациясын резервтік көшіру;
- апат жағдайында ақпараттық жүйенің жұмыс қабілетін резервілік көшірмелерден қалпына келтіру;
- ақпараттық жүйенің ақпараттық қауіпсізідігін қамтамасыз ету;
- ақпараттық жүйенің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету.