«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының жобасы (бұдан әрі – заң жобасы) Қазақстан Республикасы конституциялық Сотының 2023 жылғы 6 наурыздағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағы 6) тармақшасының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау туралы» нормативтік қаулысына сәйкес әзірленді.
Заң жобасында мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін жұмыстан босатылған азаматтардың мемлекеттік қызметке кіруіне мерзімсіз тыйым салуды алып тастау көзделген (мұндай тыйымның 2 жылдық белгілеу ұсынылды).
Бұдан басқа, қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік құқық бұзушылықтар, оның ішінде қылмыстық теріс қылық және онша ауыр емес және ауырлығы орташа кылмыстар бойынша шектеулер мерзімдері белгіленді.
Заң жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды.