Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органдар мен ұйымдарды мемлекеттік қызметші күніне арналған «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» конкурсына қатысуға шақырады.
Аталған Конкурсты өткізудің мақсаты қызмет көрсетушілердің мәртебесін арттыру, ынталандыру және жұмыстағы клиентке бағдарланудың негіздерін нығайту болып табылады.
Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер Агенттіктің аумақтық департаменттеріне келесі құжаттарды ұсынуы қажет:
1) белгіленген нысан бойынша конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) әдістемелік ұсынымдарға сәйкес қызмет туралы есеп.
Конкурсты өткізу тәртібі туралы егжей-тегжейлі ақпарат әдістемелік ұсынымдарда ұсынылған.