Ақмола облысының прокуратурасы бос лауазымға байқау жариялайды.
1. Көкшетау қаласы прокуратурасының прокуроры C-RGP-5 (1 бірлік).
2. Целиноград ауданының прокуратурасының прокуроры C-RGP-5 (1 бірлік).
3. Сандықтау ауданының прокуратурасының прокуроры C-RGP-5 (1 бірлік).
Конкурсқа қатысушыларға біліктілік талаптар: жоғары заң білімі бар; денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы; нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің, дағдысының болуы.
Еңбек ақы төлеу шарты мен көлемі қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленеді (айлық жалақысы 125 826 тенге).
Функционалдық міндеттері: қоғамдық мүдделерді қорғау, үкімдерді орындау бойынша прокурорлық қадағалауды жүзеге асыру, сотта мемлекеттің мүддесін білдіру, сонымен қатар мемлекет атынан қылмыстық құдалауды іске асыру. Негізгі міндетермен қоса, прокуратураның барлық қызметкерлеріне міндетті болып табылатын міндеттерді орындау.
Конкурс «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабының 2 тармағының және Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2014 жылғы 4 мамырдағы № 40 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде лауазымдарға орналасу үшін конкурс пен тағылымдама өткізу ережесінің негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін аталған Ережеде көрсетілген құжаттар осы хабарландыру прокуратура органдарының интернет ресурстарында және де мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органның соңғы жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде Көкшетау қаласы, Біржан Сал көшесі, 45 үй, индекс 020000 (телефон: 8 (7162) 25-05-93) мекен-жайы бойынша тапсырылуы тиіс.
Тапсырылатын құжаттар олардың тізімімен қоса тезтігіндегішке салыну қажет.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар мынадай құжаттарды тапсырады:
1) белгілі нысанаға сәйкес өтініш;
2) белгілі нысанаға сәйкес сауалнама;
3) белгілі нысанға сәйкес (тұрғылықты тұратын мекенжайы мен телефонын, оның ішінде байланыс телефонын көрсете отырып) толтырылған кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы;
4) жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы ерлі-зайыптарын көрсете отырып, белгілі нысанаға сәйкес толтырылған қолмен немесе басылып жазылған толық өмірбаяны;
5) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
6) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
7) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
8) әскери билеттің немесе әскерге шақыру учаскесiне тiркелгені туралы куәліктің көшірмесі;
9) 3х4 үлгідегі (3 дана) сурет;
10) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес азаматтың және оның жұбайының (зайыбының) табыстары мен мүліктері туралы декларацияны тұратын жері бойынша мемлекеттiк кiрiс органына табыс еткенін растайтын құжаттар;
11) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды өткізу кезінде жарамды, шекті мәннен төмен емес қолданыстағы заңнаманы білуге арналған компьютерлік тестілеудің нәтижелері;
12) прокуратура органдарында қызмет өткеруге жарамдылығын анықтау үшін медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, сондай-ақ полиграфологиялық зерттеуден өтудің және міндетті арнайы тексеріс қорытындылары;
13) құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органдарының соттылығы жоқтығы, сот тәртібімен соңғы бір жылдың ішінде қасақана әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін тәртіптік немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылмағаны туралы анықтама;
14) соңғы жұмыс (оқу) орнынан мінездеме.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және іскерлік беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми (академиялық) дәрежелер мен атақтардың берiлуi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшiрмелерi) қосымша ақпарат бере алады.
25.06.2020 жыл Мекен жайы: Көкшетау қаласы, Біржан Сал көшесі, 45, индекс 020000 (телефон: 8 (7162) 25-05-93).