«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасының «Мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауына мониторинг жүргізу қағидалары» бұйрық жобасы әзірленді.
Аталған жоба мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауына мониторинг жүргізу қағидаларын бекітілуін көздейді.
Мемлекеттік қызметшілердің тиімді қызметіне әсер ететін факторлардың бірі – еңбек жағдайы. Оның маңызды құрамдас элементтерінің бірі қызметтік тәртіпті сақтау, жұмыс уақытын ұтымды пайдалану болып табылады.
Қағидалармен жұмыс уақыты режимін сақтауына мониторинг жүргізу тәртібі мен механизімі қарастырылған.
Бұйрық жобасының мәтінімен және оған қоса берілген өзге де материалдармен Агенттіктің интернет-ресурсында және «Ашық НҚА» интернет-порталында көпшілік талқылауына а.ж. 29 наурызда орналастырылған келесі сілтеме арқылы танысуға болады https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14467726 сілтемемен орналастырылды.
Жария талқылау мерзімі а.ж. 12 сәуіріне дейін.