Мемлекеттік қызметшілер үшін қашықтықтан жұмысты, аралас қашықтықтан жұмысты, икемді жұмыс уақыты режимінде жұмыс істеуді қолдану қағидаларын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасының «Мемлекеттік қызметшілер үшін қашықтықтан жұмысты, аралас қашықтықтан жұмысты, икемді жұмыс уақыты режимінде жұмыс істеуді қолдану қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасы әзірленді.

Аталған жоба мемлекеттік органдарда қашықтықтан жұмысты, аралас қашықтықтан жұмысты, икемді жұмыс кестесін  қолдану Қағидаларын бекітілуін көздейді.

Мемлекеттік қызметшілердің тиімді қызметіне әсер ететін факторлардың бірі – еңбек жағдайы. Оның маңызды құрамдас элементтерінің бірі қызметтік тәртіпті сақтау, жұмыс уақытын ұтымды пайдалану болып табылады.

Қашықтықтан жұмыс істеуді қолдану мемлекеттік қызметшілердің еңбек өнімділігін арттыруға, сондай-ақ мемлекеттік органдарды ұстауға бағытталған әкімшілік шығындарды төмендетуге ықпал етеді.

Қашықтықтан жұмыстың, аралас қашықтан жұмыстың және икемді жұмыс уақытын пайдаланудың негіздері мен тәртібі Қағидалармен қамтамассыз етілген.

Бұл ретте, мемлекеттік қызметшілер үшін жұмыс режимдері көрсетліген Қағидалары мемлекеттік қызметшілер арасында уәждеменің дамуына оң әсер етеді, оның ішінде бос уақытты жаңа білімді меңгеруге, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, отбасымен қарым-қатынас жасауға және мемлекеттік қызмет жұмыс тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Бұйрық жобасының мәтінімен және оған қоса берілген өзге де материалдармен Агенттіктің интернет-ресурсында және «Ашық НҚА» интернет-порталында көпшілік талқылауына а.ж. 29 наурызда орналастырылған келесі сілтеме арқылы танысуға болады https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14467766 сілтемемен орналастырылды.

Жария талқылау мерзімі а.ж. 12 сәуіріне дейін.

 

Дата публикации
13 апреля 2023