Қызметтік тұрғын үй берілместен басқа жерге басқа елді мекенге ротацияланатын саяси, «А» корпусы мен «Б» корпусының С-1, С-О-1 және D-О-1 санаттарындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің ротациялық төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату және қайтару қағидаларын бекіту туралы

Қызметтік тұрғын үй берілместен басқа жерге басқа елді мекенге ротацияланатын саяси, «А» корпусы мен «Б» корпусының С-1, С-О-1 және D-О-1 санаттарындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің ротациялық төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату және қайтару қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы әзірленді.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңды іске асыруға және Президент Әкімшілігінің 2021 жылғы 9 сәуірдегі № 21-64-11.12 (20-2645)-6 тапсырмасына сәйкес.

Қаулы жобасын іске асыру республикалық және жергілікті бюджеттен қаржылық шығындарды талап етеді. Мәселен, саяси, «А» корпусының және «Б» корпусының С-1 және С-О-1 санаттарындағы қызметшілерге ротациялық төлемдері үшін республикалық бюджеттен қаржыландыру талап етіледі. Тиісті есептеулер мен республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі қоса беріледі. D-О-1 санатындағы қызметкерлерге ротациялық төлемдерін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен қамтамасыз етілетін болады. Жергілікті атқарушы органдардың тиісті хаттары қоса беріледі.

Бұйрық жобасының мәтінімен және оған қоса берілген өзге де материалдармен Агенттіктің интернет-ресурсында және «Ашық НҚА» интернет-порталында көпшілік талқылауына а.ж. 29 наурызында орналастырылған келесі сілтеме арқылы танысуға болады https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14467320  сілтемемен орналастырылды.

Жария талқылау мерзімі а.ж. 12 сәуіріне дейін.

 

Дата публикации
13 апреля 2023