Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің басшы және атқарушы құрамының арақатынасын анықтау туралы

«Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің басшы және атқарушы құрамының арақатынасын анықтау туралы» бұйрық жобасын «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның
5-бабы 2-тармағының 15-1) тармақшасына сәйкес әзірленді.

Жобаны қабылдаудың мақсаты мемлекеттік органдардың басшы және басқа да қызметкерлерінің арақатынасын реттеу, басқарушы буындарда сәйкессіздікті жою, сондай-ақ мемлекеттік органдардың құрылымын рационализациялау болып табылады.

Бұйрық жобасында «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің атқарушылық лауазымдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің басшылық лауазымдарына арақатынасының нормативі, мемлекеттік органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қосалқы персоналы санының нормативі, сондай-ақ  мемлекеттік орган басшысының кеңесшілері мен көмекшілері лауазымдарының шекті саны көзделген.

Бұйрық жобасының мәтінімен және оған қоса берілген өзге де материалдармен Агенттіктің интернет-ресурсында және «Ашық НҚА» интернет-порталында көпшілік талқылауына а.ж. 29 наурызында орналастырылған келесі сілтеме арқылы танысуға болады https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14467288 сілтемемен орналастырылды.

Жария талқылау мерзімі а.ж. 12 сәуіріне дейін.

 

Дата публикации
13 апреля 2023