«Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өңірлік кадр резервін қалыптастыру және одан тағайындау тәртібін бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кадр комиссиялары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 7 наурыздағы № 520 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы әзірленді.
Жарлық жобасы Сіздің өңірлердегі талантты жастарды қолдауды өңірлік резерв құру арқылы жүзеге асыру туралы 2023 жылғы 2 қыркүйектегі № 22-4715 тапсырмаңызды орындау аясында әзірленді.
Агенттік әзірлеген тәсілдеріге сәйкес Өңірлік резервке іріктеу әрбір облыста сайланатын лауазымдарды қоспағанда, «Б» корпусының жергілікті атқарушы органдарының басшы лауазымдарына жүргізілетін болады. Аталған адамдарды тағайындау мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келісімі бойынша конкурс өткізілмей жүзеге асырылатын болады.
Бұл ретте, Өңірлік резервке іріктеу кезеңдерін өткізу мерзімдерін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері, бірақ екі жылда бір реттен кем емес айқындайтын болады.
Қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар ретінде 35 жастан аспайтын жас шектеуін, жоғары білімінің, сондай-ақ кемінде 3 жыл жұмыс өтілінің болуын айқындау ұсынылады.
Бұйрық жобасының мәтінімен және оған қоса берілген өзге де материалдармен Агенттіктің интернет-ресурсында және «Ашық НҚА» интернет-порталында көпшілік талқылауына а.ж. 29 наурызында орналастырылған келесі сілтеме арқылы танысуға болады https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14467857 сілтемемен орналастырылды.
Жария талқылау мерзімі а.ж. 12 сәуіріне дейін.