«Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 15 бұйрыққа өзгеріс енгізу туралы

Агенттік «Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) туралы үлгілік ережені бекіту туралы»» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 15 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрықтың жобасын әзірленді.

Аталған жоба «Қазақстан Республикасының мемелкеттік қызмет мәселесі бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге байланысты іске асырылды.  

Осылайша, персоналды басқару қызметінің құзыретіне келісімшарттық қызметшілерді іріктеуді және олармен келісімшарт жасасу, өзгерістер енгізу және бұзу процесстерін ұйымдастыру кіреді.

Бұйрық жобасының мәтінімен және оған қоса берілген өзге де материалдармен Агенттіктің интернет-ресурсында және «Ашық НҚА» интернет-порталында көпшілік талқылауына а.ж. 29 наурызда орналастырылған келесі сілтеме арқылы танысуға болады https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14467227 сілтемемен орналастырылды.

Жария талқылау мерзімі а.ж. 12 сәуіріне дейін.

Дата публикации
13 апреля 2023