Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Агенттік «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын жобасын әзірленді.

«Құқықтық актілер туралы» Заңның 27-бабының 8-тармағына сәйкес басқа нормативтік құқықтық актілердің құқық нормаларын қайталайтын және құқықтың жаңа нормаларын қамтымайтын нормативтік құқықтық актілер де күші жойылды деп танылуға жатады.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2023 жылғы 20 наурыз қабылдаған Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақысын белгілеуге құқық беретін жұмыс өтілін есептеу тәртібін, мемлекеттік қызметшілердің мүлкін сенімгерлік басқаруға беру тәртібін бекіту жөніндегі Үкіметтің өкілеттігі Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның деңгейіне берілді.

Бұйрық жобасының мәтінімен және оған қоса берілген өзге де материалдармен Агенттіктің интернет-ресурсында және «Ашық НҚА» интернет-порталында көпшілік талқылауына а.ж. 29 наурызда орналастырылған келесі сілтеме арқылы танысуға болады https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14467662 сілтемемен орналастырылды.

Жария талқылау мерзімі а.ж. 12 сәуіріне дейін.

 

Дата публикации
13 апреля 2023