Агенттік «Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлықақы белгілеуге құқық беретін жұмыс өтілін есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі бұйрығының жобасын әзірленді.
Аталған жоба «Қазақстан Республикасының мемелкеттік қызмет мәселесі бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге байланысты іске асырылды.
2021 жылғы 22 қарашадағы № 21-4751-3 ПӘБ тапсырмасына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлықақы белгілеуге құқық беретін жұмыс өтілін есептеуді анықтау бойынша Үкіметтің құзыретін Агенттік деңгейіне беру туралы қажетті шараларды қабылдау болып табылады.
Бұйрық жобасының мәтінімен және оған қоса берілген өзге де материалдармен Агенттіктің интернет-ресурсында және «Ашық НҚА» интернет-порталында көпшілік талқылауына а.ж. 29 наурызда орналастырылған келесі сілтеме арқылы танысуға болады https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14467227 сілтемемен орналастырылды.
Жария талқылау мерзімі а.ж. 12 сәуіріне дейін.