Агенттік «Сынақ мерзімінен өтудің қағидалары мен шарттарын және тәлімгерлерді бекітудің тәртібін бекіту туралы» «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 21 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрықтың жобасын әзірледі.
Аталған жоба «Қазақстан Республикасының мемелкеттік қызмет мәселесі бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 20-бабына енгізілген өзгерістерге байланысты іске асырылды.
Қолданыстағы редакция әкімшілік қызметке бірінші рет түсіп жатқандар үшін сынақ мерзімін орнату қарастырылған. Осылайша, мысалы, құқық қорғау, әскери қызметте және арнайы мемлекеттік органда 15 жылдан астам жұмыс істеген адамдар әкімшілік қызметке кірген кезде тәлімгермен бірге сынақ мерзімінен өтуге мәжбүр.
Аталған қызметтердің мемлекеттік қызметке жатқызылғанын, сондай-ақ жоғары көрсетілген органдарда жұмыс тәжірибесін ескере отырып, осы адамдар сынақ мерзімінен өтуден босатылады. Бұйрық жобасының мәтінімен және оған қоса берілген өзге де материалдармен Агенттіктің интернет-ресурсында және «Ашық НҚА» интернет-порталында көпшілік талқылауына а.ж. 29 наурызда орналастырылған келесі сілтеме арқылы танысуға болады https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14466790 сілтемемен орналастырылды.
Жария талқылау мерзімі а.ж. 12 сәуіріне дейін.