«ҚазақстанРеспубликасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы ___________ Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы _________ Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (келісім бойынша):
1) тізбеге сәйкес тиісті құқықтық актінің жобаcы әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне енгізсін;
2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық құқықтық актілерді қабылдасын;
3) құқықтық актілер қабылданған күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірмей қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
3.Орталық және жергілікті атқарушы органдар, жергілікті өкілді органдар (келісім бойынша) «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңынан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр А. Мамин