ҚПД Қаратау ауданы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі ювеналдық полиция бөлімшесіШымкент нің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы (білім беру ұйымына бекітілген) (C-SVR-8 санаты 1-бірлік)

Конкурсқа қатысушыларына арналған біліміне қойылатын талаптар: Осы санаттар бойынша лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті білім.

Білімі бойынша:Құқықтану, халықаралық құқық, педегогика және психология, бастапқы әскери дайындық, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану, дене шынықтыру және спорт, психология мамандықтары, бойынша.

Функционалдық міндеттері: Кәмелетке толмағандардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғау, оларды кемсітудің барлық түрлерінен, физикалық немесе психикалық зорлық-зомбылықтан, қорлаудан және дөрекі қарым-қатынастардан қорғауды қамтамасыз етеді.  Кәмелетке толмағандардың заңға мойынсұнушылық мінез-құлқын қалыптастырады. Кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылық жасауға тарту анықтайды және олардың жолын кеседі.

Ішкі істер органдарына қатардағы және басшы құрамына жұмысқа шақырамыз.  

         Ішкі істер органдарында қызмет өткерудің артықшылықтары:

- жұмыс берушінің есебінен алғашқы оқыту және біліктілікті арттыру; 

- қызмет өтіліне және арнаулы атағына байланысты лауазымдық жалақының артуымен тұрақты және уақтылы жалақы;

- сауықтыруға арналған жәрдемақы, мансаптық өсу;

- ведомстволық емдеу мекемелерінде тегін медициналық қызмет көрсету;

 - арнаулы атағына байланысты 48 жастан бастап зейнетке шығу (ішкі істер органдарында кемінде 12 жыл 6 ай үздіксіз қызмет өткеру кезінде).

Талаптар: жасы 35-тен аспаған, бойы кемінде 170 см., білімі орта (қатардағы құрамның лауазымына) және жоғары (қызмет бағытына байланысты басшы құрамның лауазымына), Мемлекеттік қызмет істері агенттігі уәкілетті органы беретін тестілеуден өту туралы сертификаттың бар болуы, денсауық жағдайы бойынша жарамдылығы (әскери-дәрігерлік комиссиясы анықтайды).

Толық ақпаратты алу үшін:(8-7252) 97-65-05, 97-66-96, 97-67-01 телефондарына, e-mail: asyl_pd08@mail.ru электрондық мекенжайы, Шымкент қаласы Полиция департаменті, Желтоқсан көш. 13, бойынша жүгіну қажет.

ҚПД Қаратау ауданы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі ювеналдық полиция бөлімшесіШымкент нің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы (білім беру ұйымына бекітілген) (C-SVR-8 санаты 1-бірлік)
Дата публикации
17 июня 2020