Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру

Құжаттар 2022 жылы 12 - 16 желтоқсан аралығында қабылданады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қоғамдық кеңестің жаңа құрамын қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы хабарлайды («Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңына және қоғамдық Кеңес туралы 2021 жылғы 26 ақпандағы №69 Үлгі ережеге сәйкес).

Конкурс Қазақстан Республикасының азаматтары мен коммерциялық емес ұйымдарының өкілдері арасында өткізіледі.

Жұмыс тобының сандық құрамы 7 адам, оның ішінде 2 адам – мемлекеттік органның өкілдері, 5 адам – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, Қазақстан Республикасының азаматтары.

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттар:

1) 1-қосымшаға сәйкес нысан (форма) бойынша жұмыс тобының құрамына және байқаушы ретінде кандидатура ұсыну туралы азаматтың өтініші;

2) кандидатураны (бар болған кезде) жұмыс тобының мүшесіне ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы;

3) кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

4) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.

Жұмыс тобының отырыстарына қатысуға үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері болып табылатын дауыс беру құқығы жоқ байқаушылар жіберілетініне назар аударамыз.

Жұмыс тобының отырысына байқаушы ретінде қатысу үшін байқаушы болуға ниет білдірген адам 2-қосымшаға сәйкес нысан(форма) бойынша өтініш жазады.

Сондай-ақ, 3 немесе 4-қосымшаларға сәйкес нысандар толтырылуы қажет.

Құжаттар жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап күнтізбелік 5 күн ішінде көрсетілген мекенжайға қолма-қол ұсынылады немесе көрсетілген электрондық поштаға жіберіледі.

Құжаттар мына мекенжайға ұсынылады (жіберіледі):
Астана қаласы, Абай даңғылы, 33 А, ҚР МҚІА ғимараты

Электрондық пошта: m.imanbaev@kyzmet.gov.kz, телефон: 8-708-591-64-42

Дата публикации
12 декабря 2022