метінің басым бағыттары тестілеу үрдісін сүйемелдеу және «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесін техникалық қамтамасыз ету болып табылады.
Тестілеуге қатысты
Ағымдағы жылдың 1-тоқсаны бойынша 28,1 мың адамды тестілеу өткізілді, соның ішінде нормативтік құқықтық актілерді (НҚА) білу бойынша тестілеуден 19,0 мың адам және жеке қасиеттерді бағалау (ЖҚБ) бойынша 9,1 мың адам өтті.
Тестіленгендердің жалпы санынан - «Б» корпусы бойынша мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттардың үлесі 15,9 мың адамды 09 құрады, соның ішінде «Б» корпусы бойынша нормативтік құқықтық актілерді (НҚА) білу бойынша тестілеуден 10,5 мың адам және ЖҚБ бойынша,сәйкесінше, 5,4 мың адам өтті.
Құқық қорғау қызметі бойынша үміткерлер саны 12,1 мың адамды құрады, соның ішінде НҚА білу бойынша тестілеуден 8,5 мың адам және ЖҚБ бойынша,сәйкесінше, 3,6 мың адам өтті.
Жеке қасиеттерді бағалау (ЖҚБ) бойынша «Б» корпусы бойынша өту реті 2019 жылдың басынан өзгертілді.
Техникалық жабдықталған тестілеу залдары 14 облыс орталықтарында және 3 республикалық маңызы бар қалаларда Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент, сонымен бірге 4 облыстық маңызы бар қалаларда Семей, Балқаш, Жезқазған және Арқалықта жұмыс істеуде. Бұл ретте өткізгіштік мүмкіндігі бір уақытта республика бойынша 488 адамды тестілеуден өткізуге мүмкіндік береді.
Кадрларды тестілеу деңгейінде іріктеу үрдісі іс жүзінде «электрондық үкімет» порталы арқылы жазылудан бастап сертификатты бергенге дейінгі айқын ұйымдастырылған автоматтандырылған үрдіс болып табылады.
Тестілеу үрдісін ұйымдастыру сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмайтын максималды ашықтық пен объективтілікті қамтамасыз етеді.
«Е-қызмет» ЫАЖ бұл – мемлекеттік қызметкерлердің бірыңғай деректер базасы, мемлекеттік органдардың кадрлық іс қағаздарды жүргізуі бойынша бірыңғай ортасы.
Қазіргі кезде жүйеде жеті мыңнан астам мемлекеттік органдар жұмыс істейді, 100 мыңнан астам жеке істер сақталған, соның ішінде жұмыстан шығарылғандардың жеке істері де бар.
Жүйенің ақпараттық қауіпсіздік қорғаныс дәрежесі жоғары, жүйе тек жұмыс жасайтын мемлекеттік қызметкерлер мен «Е-қызмет» ЫАЖ операторларына қолжетімді.
Өткен жылдан бастап барлық өтініштер, хаттар, бұйрықтар міндетті келісу және ЭСҚ арқылы қол қою сатысынан өтеді.