Агенттіктің Ішкі аудит қызметінің 2022 жылғы 1 жартыжылдықтағы қызметі туралы

Агенттіктің Ішкі аудит қызметінің (бұдан әрі – Қызмет) қызметі «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылауды жүргізу қағидаларына, сондай-ақ Қызмет туралы ережеге және қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес жүзеге асырылады.

Қызметтің негізгі қызметі бекітілген объектілер тізбесіне сәйкес ішкі аудит жүргізу болып табылады.

Мемлекеттік аудит объектілерінің бекітілген тізбесіне сәйкес (16.06.22 ж. № 130 бұйрықпен енгізілген өзгерістерді ескере отырып) бірінші жартыжылдықта төрт объектіде ішкі мемлекеттік аудит жүргізілді. Аудит қорытындысы бойынша 102 794,2 мың теңге сомаға рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар және 9,2 мың теңге сомаға қаржылық бұзушылықтар анықталды. Аудиторлар аудит объектісінің қызметін жетілдіру, аудитпен анықталған бұзушылықтарды жою, бюджетті жоспарлау кезінде тәуекелдерді болдырмау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы нормаларын бұзушылықтарды алдағы уақытта болдырмау жөнінде ұсынымдар әзірледі.

Бюджет және өзге де заңнаманы бұзу тәуекелдерін болдырмау мақсатында қызмет өзге ұйымдарда мемлекеттік аудит органдары белгілеген бұзушылықтардың мониторингін жүргізді. Мониторинг қорытындысы зерделеу және қажет болған жағдайда тиісті шаралар қабылдау үшін Агенттіктің Әкімшілік департаментіне жолданды (18.05.22 ж. № 1-0/1751-вн хат).

Қызмет қызметкерлері Агенттікте сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізуге қатысты, оның қорытындысы бойынша қолданыстағы бизнес процестерді жетілдіру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар берілді.

Сондай-ақ, Қызмет Мемлекеттік басқару академиясымен бірлесіп тоқсан сайынғы негізде Жас мемлекеттік қызметшілерге арналған үйде тұратын, тұру ережелеріне сәйкестігіне мониторинг жүргізеді. Бекітілген жоспарға сәйкес әзірленген ұсынымдармен мониторингтің қорытындылары Агенттіктің Аппарат басшысына ұсынылды.

Агенттік пен оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметін жетілдіру шеңберінде қызмет тұрақты негізде ішкі бизнес процестерді жетілдіруге бағытталған ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеуге (түзетуге) қатысады.

Бұдан басқа, Қызмет қызметкерлері Агенттік пен оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлеріне қолданыстағы бюджет заңнамасын қолдану бойынша тұрақты негізде ауызша консультациялар береді.

 

Ішкі аудит
Дата публикации
27 июля 2022