Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қарағанды облысы бойынша басқармасы келесі бос лауазымға орналасу үшін конкурс жариялайды

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қарағанды облысы бойынша басқармасы (Қарағанды қаласы, Жамбыл көшесі 97, тел. 8-7212-56-40-08) келесі бос лауазымға орналасу үшін конкурс жариялайды:

  • Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Қарағанды облысы бойынша басқармасының Шет және Ақтоғай ауданы бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдылықты қадағалау бойынша прокуроры,негізгі қызметкердіңбала күтімі бойынша демалыс уақыты кезеңінде – 1 бірлік;
  • Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Қарағанды облысы бойынша басқармасының Бұқар-Жырау және Қарқаралы аудандары бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдылықты қадағалау бойынша прокуроры, негізгі қызметкердіңбала күтімі бойынша демалыс уақыты кезеңінде - 1 бірлік.3 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша демалыс уақыты кезеңіндегі

Қызметтік міндеттер: Құқықтық статистика және арнайы есеп субъектілері ұсынатын құқықтық статистикалық ақпараттардың тұтастығы, объективтілігі, сенімділігі мен жеткіліктілігін бақылау және қадағалау; құқықтық статистика және арнайы есепке алуды қалыптастыру саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды анықтауға және жоюға бағытталған бақылау және қадағалау шараларының кешенін жүзеге асыру; құқықтық статистика және арнайы есепке алу мәселелері бойынша заң бұзушылықты жою мақсатында прокурорлық қадағалау актілерін жасау; мемлекеттік құқықтық статистика саласындағы ақпараттарды жинау, өңдеу, жаңарту және арнайы есептерді жүргізу; Қазақстан Республикасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқа да міндеттерді орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: нақты лауазымның қызметтік бағыттарына сәйкес келетінжоғары кәсіби білімнің болуы; құқық қорғау органдарында қызметтен өтуге денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығы; нақты лауазым бойынша қызметтік міндеттерді орындау үшін қажетті білімнің, іскерліктің және машықтың болуы.

Еңбек жалақысы 143 523 теңгеден бастап 194 313теңге аралығын құрайды.

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар тапсырылады:

  • Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының 2014 жылғы 04 мамырдағы №40 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде лауазымдарға орналасу үшін конкурс пен тағылымдама өткізу ережесінің (мәтін бойынша әрі қарай - Ереже) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысандағы сауалнама;

3) осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (тұрғылықты тұратын мекенжайы мен телефонын, оның ішінде байланыс телефонын көрсете отырып) толтырылған кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы;

4) жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы ерлі-зайыптарын көрсете отырып, осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған қолмен немесе басылып жазылған толық өмірбаяны;

5) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

6) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

7) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

8) әскери билеттің немесе әскерге шақыру учаскесiне тiркелгені туралы куәліктің көшірмесі;

9) 3х4 үлгідегі (2 дана) сурет;

10) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағыҚазақстанРеспубликасының Заңына сәйкесазаматтыңжәнеоныңжұбайының (зайыбының) табыстары мен мүліктерітуралыдекларациянытұратынжерібойыншамемлекеттiккiрiсорганынатабысеткенінрастайтынқұжаттар;

11) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды өткізу кезінде жарамды, шекті мәннен төмен емес қолданыстағы заңнаманы білуге арналған компьютерлік тестілеудің нәтижелері;

Тест бойынша межелік мәндер сұрақтардың жалпы санынан 70%-дан кем емес дұрыс жауаптарды құрайды.

Осыған қоса, «Прокуратура туралы», Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы заңдары, 2015 жылдың 29 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасы Президентінің №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы қағидасы) бойынша дұрыс жауаптар әрбір нормативтік-құқықтық актіден 70%-дан кем болмауы қажет.

12) прокуратура органдарында қызмет өткеруге жарамдылығынанықтауүшінмедициналықжәнепсихофизиологиялықкуәландырудан, оныңішіндеполиграфологиялықзерттеуденөтудіңжәне міндетті арнайы тексерістің қорытындылары;

13) құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органдарының соттылығы жоқтығы, сот тәртібіменсоңғыбіржылдыңішіндеқасақанаәкімшілікқұқықбұзушылықжасағаны, сыбайласжемқорлыққұқықбұзушылықтарыүшінтәртіптікнемесеәкімшілік жауапкершілікке тартылмағаны туралы анықтама;

14) соңғы жұмыс (оқу) орнынан мінездеме.

Азаматтар өздерінің білімдеріне, жұмыс машығына, кәсіби деңгейіне және  іскерлік беделіне қатысты қосымша ақпарат ұсына алады (біліктілігін көтеру, ғылыми (академиялық) дәрежесі мен атағын беру туралы құжаттардың көшірмесі, мінездеме, ұсыныстар, ғылыми басылымдар).

Тігін папкасына салынған құжаттар, ұсынылатын құжаттардың тізімі көрсетіле отырып, конкурс өткізу жөніндегі осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде қолма-қол немесе пошта арқылы Қарағанды қаласы, Жамбыл көшесі 97, №19 кабинет мекен-жайы бойынша ұсынылады.

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қарағанды облысы бойынша басқармасы келесі бос лауазымға орналасу үшін конкурс жариялайды
Дата публикации
08 июля 2022