«Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының
2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»
бұйрықтың жобасына баспасөз релизі

Бұйрықтың жобасы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің 2021 жылғы 17 желтоқсандағы № 42-37.34 ПАБ-6 тапсырмасына сәйкес әзірленді.
Атап айтқанда, бұйрық жобасында мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) басшыларының лауазымдарына іріктеуге конкурстық комиссиялардың мүшелері ретінде мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшелері өкілдерінің қатысуы бөлігінде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларына толықтырулар енгізу ұсынылады.
Өз кезегінде, бұл жаңашылдық аталған лауазымдарға іріктеудің ашықтығы мен тиімділігін арттырады, сонымен қатар персоналды басқару қызметінің (кадр қызметі) кадрлық әлеуетін арттырады.
Бұйрық жобасының мәтінімен және оған қоса берілген өзге де материалдармен Агенттіктің интернет-ресурсында және «Ашық НҚА» интернет-порталында көпшілік талқылауына а.ж. 11 наурызда орналастырылған келесі сілтеме арқылы танысуға болады https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14029726.

«Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
11 марта 2022