ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАМЕН КЕЛІСІМ ШАРТ НЕГІЗСІЗ ҰЗАРТЫЛҒАНЫ АНЫҚТАЛДЫ
Ағымдағы жылдың 31 наурызында өткен Әдеп жөніндегі кеңес отырысында тиісті лауазымды тұлғалардың тәртіптік істер қаралды.
Атап айтқанда, Исатай аудандық құрылыс бөлімінің басшысыЖ.Ш.Сыдиховпен мемлекеттік сатып алу заңының талаптары бұзыла отырып, мердігермен жасақталған келісім шарт мерзімінің негізсіз ұзартылуына жол берілгені үшін «ҚЫЗМЕТІНЕ ТОЛЫҚ СӘЙКЕС ЕМЕСТІГІ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ»түріндегі тәртіптік жазаға тарту туралы шешім шығарылды.
Сонымен қатар, Исатай аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекция бөлімінің басшысы А.Ф.Зиноллаевтың мердігерден тұрақсыздық айыбын өндіріп алуды қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар атқармағаны және ағымдағы жөндеу жұмыстарына 30 млн. теңге көлеміндегі қаражатты негізсіз жоспарлағаны анықталып, оған «ҚЫЗМЕТІНЕ ТОЛЫҚ СӘЙКЕС ЕМЕСТІГІ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ»түріндегі тәртіптік жауаптылығын қарау ұсынылды.
Сондай-ақ, Махамбет ауылдық округінің әкімі М.Ж.Баймишев, әкімнің орынбасары Н.Н.Пернебековтің, әкім аппаратының бас маманы Б.С.Қайырғалиевтің тараптарынан су шаруашылығына қатысты мүліктік кешендердізаңнамада көзделмеген негізбен тендер өткізілместен сенімгерлік басқаруға жол берілгені үшін «ҚЫЗМЕТІНЕ ТОЛЫҚ СӘЙКЕС ЕМЕСТІГІ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ»туралы тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныс енгізілді.
Бұдан басқа, Жылыой аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Т.А.Хабибуллиннің мемлекет мүдделеріне нұқсан келтіретін әрекеттерге қарсы тұру талаптарын сақтамағаныүшінӘдеп жөніндегі кеңеспен «СӨГІС»түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.
Бұдан өзге, ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылаудепартаментінің басшысының және ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Атырау облыстық аумақтық инспекциясының,Атырау қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілдерініңжылдық есептері тыңдалып, тиісті ұсынымдар енгізілді.