Шымкент қалалық Полиция департаменті орта басшы және кіші басшы құрамының бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды

Шымкент қалалық Полиция департаменті

орта басшы  және кіші басшы құрамының бос лауазымдарына

орналасуға конкурс жариялайды

 

        Ішкі істер органдарына  орта басшы  және кіші басшы құрамына жұмысқа шақырамыз.  

         Ішкі істер органдарында қызмет өткерудің артықшылықтары:

- жұмыс берушінің есебінен алғашқы оқыту және біліктілікті арттыру; 

- қызмет өтіліне және арнаулы атағына байланысты лауазымдық жалақының

  артуымен тұрақты және уақтылы жалақы;

- сауықтыруға арналған жәрдемақы, мансаптық өсу;

- ведомстволық емдеу мекемелерінде тегін медициналық қызмет көрсету;

 - арнаулы атағына байланысты 48 жастан бастап зейнетке шығу (ішкі істер органдарында кемінде 12 жыл 6 ай үздіксіз қызмет өткеру кезінде).

Талаптар: жасы 35-тен аспаған, бойы кемінде 170 см., білімі орта (қатардағы құрамның лауазымына) және жоғары (қызмет бағытына байланысты басшы құрамның лауазымына), Мемлекеттік қызмет істері агенттігі уәкілетті органы беретін тестілеуден өту туралы сертификаттың бар болуы, денсауық жағдайы бойынша жарамдылығы (әскери-дәрігерлік комиссиясы анықтайды).

Толық ақпаратты алу үшін: (8-7252)97-65-05, 97-66-96, 97-67-01 телефондарына, e-mail: asyl_pd08@mail.ru электрондық мекенжайы, Шымкент қаласы Полиция департаменті, Желтоқсан көш. 13, бойынша жүгіну қажет.

1.Шымкент қаласы Полиция департаменті патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторы (C-SSP-8 санаты,  2-бірлік); Қызмет инспекторы (туристерге қызмет көрсету жөніндегі) (C-SSP-8 санаты,  2-бірлік);

Конкурсқа қатысушыларына арналған біліміне қойылатын талаптар:

Жоғары білім немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім. Жүргізуші куәлігінің болуы.

Туристтерге қызмет көрсету жөніндегі инспеторы лауазымына шет тілдерін білу қажет.

Білімі бойынша: Заңтану, Құқық, Құқық қорғау қызметі, Халықаралық құқық, Халықаралық қатынастар, Шет тілі: екі шет тілі, Аударма ісі, Кеден ісі, Автоматтандыру және басқару, Ақпараттық жүйелер, Ішкі істер органдарына арналған ақпараттық жүйелер, Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, Көлік, көлік техникасы және технологиясы, Медициналық-профилактикалық іс, Қоғамдық денсаулық сақтау, Алғашқы әскери даярлық, Дене шынықтыру және спорт, Информатика, Информатика, есептеу техникасы және басқару, Математикалық және компьютерлік модельдеу, Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, Ішкі істер органдарына арналған радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, Көлік құрылысы, Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану, Көліктегі қозғалысты басқару мен тасымалдауды ұйымдастыру, Көлік қызметі, Жол қозғалысын ұйымдастыру, Педагогика және психология, Ішкі істер органдарына арналған педагогика және психология, Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану, Психология, Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау, Аңшылық және аң шаруашылығы, Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау, Орман ресурстары және орман шаруашылығы, Автожол мамандықтары бойынша.

Функционалдық міндеттері: Өзінің маршруты мен бекетінде және оларға іргелес аумақта қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Әкімшілік құқық бұзушылық пен қылмыстарды анықтау, алдын алу, жолын кесу және ашу. Азаматтар мен лауазымды адамдар құқықбұзушылық туралы арызбен немесе хабарламамен жүгінген кезде, не соны тікелей анықтағанда, құқықбұзушылықтың жолын кесуге, құқықбұзушыларды ұстауға берілген барлық  құқықтарын пайдалануға міндетті, мұқтаж адамдарға көмек көрсету және оқиға орнын күзету, сондай-ақ жақында орналасқан ішкі істер органына хабарлау.

2.Шымкент ҚПД Абай ауданы Полиция басқармасы анықтау бөлімінің анықтаушысы (C-SVR-8 санаты,  1-бірлік);

Конкурсқа қатысушыларына арналған біліміне қойылатын талаптар: Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білім.

Білімі бойынша: Заңтану, құқық, құқық қорғау қызметі.

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Нормативтік құқықтық актілер, заңдар, ІІМ бұйрықтары, сондай - ақ осы лауазымдық нұсқаулық негізінде өз өкілеттігі мен қызметін жүзеге асырады. Аға анықтаушы уақытша болмаған жағдайда, міндеттер уақытша анықтаушыға жүктеледі.  Қылмыстық құқық бұзушылықты тергейді. Оқиға болған жерді тексеруге криминалистикалық, сараптау мекемесінің қызметкерлері, сондай-ақ қажет болған жағдайда басқа да адамдар тартылады. Жедел бөлімшенің, іздестіру іс-шараларын жүзеге асыратын басқа да қызметтердің қызметкерлеріне жеке тапсырмалар береді.

3.Шымкент ҚПД Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі учаскелік полиция инспекторы бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторының көмекшісі (C-SVR-8 санаты  1-бірлік);

Қаратау ауданы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі учаскелік полиция инспекторы бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторының көмекшісі (C-SVR-8 санаты  1-бірлік);

Конкурсқа қатысушыларына арналған біліміне қойылатын талаптар:
Орта білімнен кейінгі білімі.

Білімі бойынша: Заңтану, Құқық, Құқық қорғау қызметі, Халықаралық құқық, Халықаралық қатынастар, Шет тілі: екі шет тілі, Аударма ісі, Кеден ісі, Автоматтандыру және басқару, Ақпараттық жүйелер, Ішкі істер органдарына арналған ақпараттық жүйелер, Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, Көлік, көлік техникасы және технологиясы, Медициналық-профилактикалық іс, Қоғамдық денсаулық сақтау, Алғашқы әскери даярлық, Дене шынықтыру және спорт, Информатика, Информатика, есептеу техникасы және басқару, Математикалық және компьютерлік модельдеу, Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, Ішкі істер органдарына арналған радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, Көлік құрылысы, Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану, Көліктегі қозғалысты басқару мен тасымалдауды ұйымдастыру, Көлік қызметі, Жол қозғалысын ұйымдастыру, Педагогика және психология, Ішкі істер органдарына арналған педагогика және психология, Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану, Психология, Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау, Аңшылық және аң шаруашылығы, Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау, Орман ресурстары және орман шаруашылығы, Автожол мамандықтары бойынша.

Функционалдық міндеттері: Азаматтардың өмірі, денсаулығын, құқықтары мен еркіндігін қылмыстық қол сұғушылықтардан қорғайды. Қызмет көрсететін әкімшілік учаскедегі және жалпы учаскелік полиция пунктінде жасалған қылмыстар саны, оларды түрлері, жасалу әдісі, орны және уақыты бойынша бөлінуін, оларды жасауға ықпал еткен мән-жайлар туралы ақпаратты зерделейді және игереді.

4.Шымкент қаласы Полиция департаменті ғимараттарын күзету взводының полицейі (C-SV-12 санаты,  3-бірлік);

Конкурсқа қатысушыларына арналған біліміне қойылатын талаптар:

Орта білім.

Қосымша талаптар: Полицей-жүргізушілер үшін жүргізуші куәлігінің болуы.

Функционалдық міндеттері: Шымкент қаласы Полиция департаментінің әкімшілік ғимаратын күзету мен қорғаудың жоспарын, өткізу режимінің тәртібін, қызметтік орналасуын білуге. Әкімшілік ғимаратқа бөгде адамдардың кіруінен бақылайды.

5.Шымкент қаласы Полиция департаменті кинологиялық қызмет орталығы кіші инспектор-кинолог (C-SV-13 санаты,  1-бірлік);

Конкурсқа қатысушыларына арналған біліміне қойылатын талаптар:

Орта білім.

Қосымша талаптар: Қызметкер-жүргізушілер үшін жүргізуші куәлігінің болуы.

Функционалдық міндеттері: Қылмыстың жолын кесу және ашуда,  есірткіні, жарылғыш заттары мен қаруды анықтауда, адам иісті іздерін одорологиялық зерттеулерде, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтауда арнайы даярланған иттерді қолдану жұмысын ұйымдастырады;

           Құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап он  жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

          Ниет білдірген азаматтар, Шымкент қаласы Желтоқсан көшөсі 13 ғимаратта орналасқан Шымкент ҚПД Кадр саясаты басқармасы қызметкерлеріне қолма-қол тәртіпте құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімдерінде төменде көрсетілген құжаттарды өткізеді.

          Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

      1)  осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiшті;

      2)  осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнаманы;

      3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 1000 бұйрығымен бекітілген ІІО-ға қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12555 болып тіркелген) (бұдан әрі – Іріктеу қағидалары) сәйкес нысан бойынша кадр есебi бойынша толтырылған жеке iс парағын;

     4) Іріктеу қағидаларына сәйкес нысан бойынша өз қолымен жазылған және басылған түрде толық толтырылған өмірбаянды;

      5) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;

      6) еңбек қызметін растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмесiн (болған кезде);

      7) әскери билеттің немесе шақыру учаскесіне тіркелгені туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшiрмесiн (қолда бар болса);

      8) кандидаттың соңғы жұмыс (оқу) орнынан немесе әскери қызметін өтеген әскери бөлімнен мінездемені;

      9) 3х4 см өлшемдегі төрт фотосуретті;

     10) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

     11) Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2018 жылғы 27 ақпандағы №29 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16667 болып тіркелген) Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылатын адамдардың, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдардың арнайы есебін, ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдардың дактилоскопиялық арнайы есебін жүргізу және пайдалану қағидаларына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша адамның қылмыстық бұзушылықты жасағаны туралы мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтаманы;

   13) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалаудан өткені туралы жарамды қорытындыны (не қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесін);

     14) біліміне, жұмыс тәжірибесі мен кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми (академиялық) дәрежелер мен атақтар беру туралы, спорттық жетістіктерін дәлелдейтін құжаттардың, мінездемелердің, ұсынымдардың, ғылыми жарияланымдардың және тағы басқаларының көшірмелерін) (болған кезде) тапсырады.

    15) екі данада өзіне және жұбайына кірістер мен мүлкі туралы декларация тапсырғаны туралы анықтамалар.

      Құжаттар пакетін толық ұсынбау оларды қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады;

  1. Кандидаттың құжаттарына кадр қызметі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 18 қарашадағы № 939 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12834 болып тіркелген) бекітілген ІІО-да әскери-дәрігерлік сараптама өткізу қағидаларына сәйкес нысан бойынша әскери-дәрігерлік комиссия берген медициналық куәландыру туралы анықтаманы қосады.
  2. Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
  3. Конкурстық комиссияның отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттары, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
  4. Байқаушы ретінде конкурстық комиссияның отырысына қатысу үшін адамдар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей кадр қызметіне тіркеледі. Тіркелу үшін адам кадр қызметіне жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсынады.
Шымкент қалалық Полиция департаменті орта басшы және кіші басшы құрамының бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды
Дата публикации
11 апреля 2022