Агенттік және оның аумақтық департаменттері бақылау функциясының аясында 2020 жылдың1-ші тоқсанында 190 тексеру іс-шараларын жүргізіп (бақылау объектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау - 74, жоспардан тыс тексерулер - 116) , 101 мың бұзушылықтар анықтады (ОМО, оның ішінде АД - 82 мың, ЖАО – 19 мың).
Анықталған бұзушылықтардың едәуір бөлігін (88,6 мың факті немесе 87,6%) қызмет алушылардан артық құжаттарды талап ету фактілері құрайды.
Тізілімге енгізілген әрбір мемлекеттік қызметті көрсету бойынша ортақ Ереженің бекітілуі артық құжаттарды талап етуді жояды деп ойлаймыз.
Жалпы, тексеру қорытындыларымен анықталған мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнама бұзушылықтарды жою бойынша 389 ұсыным енгізілді.
Осылайша, ұсынылған ұсыныстардың нәтижелері бойынша 150 тұлға әр түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды (әкімдіктер - 111, орталық мемлекеттік органдар - 39), олардың 22%(33) қызмет берушілердің басшылығына тиесілі.
Анықтама үшін: ескерту – 84, сөгіс – 52, қатаң сөгіс – 11, қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту – 8.