Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 35-бабына сәйкес «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік қызметшілерін көтермелеуді қолдану қағидаларын бекіту туралы» бұйрықтың жобасын (бұдан әрі-бұйрықтың жобасы) әзірледі.
Бұйрықтың жобасы Агенттіктің орталық аппараты мен оның аумақтық органдарының мемлекеттік қызметшілерін көтермелеуді ұйымдастыру және қолдану тәртібін айқындау мақсатында әзірленді.
Бұйрық жобасының мәтінімен және оған қоса берілген өзге де материалдармен Агенттіктің интернет-ресурсында және «Ашық НҚА» интернет-порталында көпшілік талқылауына а.ж. 28 ақпанда орналастырылған келесі сілтеме арқылы танысуға болады https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14015619.