Жарлық жобасымен Агенттіктің агенттігінің ережесі Қазақстан Республикасың Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік орган туралы үлгілік ережесімен сәйкестендіру көзделген.
Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің құрылымын өзгерту ұсынылады. Бұл, мемлекеттік қызмет саласындағы мәселелерді жеке бағыттарға бөлу қажеттілігімен негізделеді. Осылайша, мемлекеттік қызметке рекрутинг, мемлекеттік қызметтің HR менеджменті, трансформация и цифровизация департаменттерін бөлу ұсынылады. Бұл тәсіл мемлекеттік қызмет саласындағы кадрлық саясатты тиімді түрде анықтау мен іске асыруға жол береді.
Сондай-ақ кадр саясатына инновациялық тәсілдерді енгізу мақсатында Персоналды басқару қызметі Адами ресурстарды басқару департаменті болып қайта құрылатын болады. Департамент HR стратегиялық жоспарлау әдістерін тестілейтін болады.
Жарлық жобасының мәтінімен және оған қоса берілген өзге де материалдармен Агенттіктің интернет-ресурсында және «Ашық НҚА» интернет-порталында көпшілік талқылауына а.ж. 28 ақпанда орналастырылған келесі сілтеме арқылы танысуға болады https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14015834 .