Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қоғамдық кеңесі мүшелерін сайлау бойынша қосымша конкурсты өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығына сәйкес, Агенттіктің Қоғамдық кеңесі отырысының 2022 жылғы 10 ақпандағы хаттамасы негізінде Агенттіктің Қоғамдық кеңесіне қосымша 5 мүшені сайлау бойынша конкурс жариялайды.

Коммерциялық емес ұйымдардың ұсыныстары және азаматтардың өтініштері Агенттікке хабарландыру жарияланғаннан күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде, үлгіге сәйкес кандидаттың аты-жөнін, қызмет саласын, өмірбаяның және байланыс мәлеметтерін көрсете отырып жіберуі қажет.

Кандидаттарға қойылатын талаптар:

1. Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттың:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауы;

2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуы;

3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауы тиіс.

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттар:

1) Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы азаматтың өтініші және (немесе) коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы (болған жағдайда);

2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама, психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтам;

4) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат осы тармақтың 3) тармақшасында көзделген анықтамаларды өз бетінше немесе өзінің қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылатын мемлекеттік органның немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің көрсетілген анықтамаларды ақпараттық жүйелерден талап етіп алдыруына жазбаша келісуі арқылы ұсынады.

Кандидаттар мынадай жағдайлардың бірі болған кезде сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді:

1) белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;

2) құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынбаса;

3) анық емес ақпаратты қамтитын құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынса.

Конкурстың өткізілу мерзімі: 2022 жылғы 11 – 24 ақпан аралығы.

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабынына сәйкес құжаттарды қабылдауды көрсетілген уақыт аралығында электронды поштаға жолдау арқылы жүзеге асырылады: email: m.gubaidullaev@kyzmet.gov.kz, телефон: 8-778-710-21-25, немесе қолмақол Нұр-Сұлтан қаласы, Абай даңғылы, 33 мекенжайы бойынша тапсыруға болады.

Заявление №1
Дата публикации
11 февраля 2022