2020 жылғы 1 тоқсаны бойынша Әдеп жөніндегі кеңестің қызметі туралы ақпарат

2020 жылдың 1-тоқсанында Әдеп жөніндегі кеңестердің 36 отырысы өткізіліп, онда 219 мәселе қаралды.

Анықтама үшін: сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау қорытындылары – 2, әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметінің нәтижелері – 33, мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама бұзушылықтарының профилактикасы бойынша жұмыс нәтижелері – 30, мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының қызметін талдау нәтижелері – 22, тәртіптік істер – 113,  басқа да мәселелер –19.

Әдеп жөніндегі кеңестермен әдеп жөніндегі уәкілдердің жұмысын үйлестіру, мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларымен өара қатынасты жасау, сыбайлас жемқорлықты алдын-алудың әдіс-тәсілдерін жетілдіру мақсатында, сондай-ақ тәртіптік істерді қарау қорытындысымен 569 ұсыныстар мен ұсынымдар әзірленді, оның ішінде 520-ы орындалды (91,3%).

Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде  мемлекеттік қызмет және Әдеп кодексі бұзушылықтарын алдын-алуға мақсатында 819 семинар–кеңестер, дөңгелек үстелдер, брифинг, конференциялар өткізілді.

Кеңес мүшелері бұқаралық ақпарат құралдарында 1 356 рет баяндама жасады, оның ішінде телевиденияда 256, радиода 41 және интернет ресурстарда 675. Баспасөз басылымдарда 384 жарияланымдар орналастырылған.

 

2020 жылғы 1 тоқсаны бойынша Әдеп жөніндегі кеңестің қызметі туралы ақпарат
Дата публикации
16 апреля 2020