Жүктелген функцияларға сәйкес Қызмет тұрақты негізінде Агенттіктің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың нормативтік құжаттарын әзірлеуге (түзетуге) қатысады.
Қызмет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудиторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын қарау жөніндегі жұмыс тобының құрамына енгізілді.
Қызмет жұмыскерлері Агенттіктің қызметкерлеріне қолданыстағы бюджет және өзге де заңнаманы қолдану жөнінде кеңес береді, «Е-қызмет» ИАЖ-да құжаттар жобаларын келісу рәсімдерін жүзеге асырады.
Тұрақты негізінде Қызмет жұмыскерлері семинар-кеңестерге және дөңгелек үстелдерге қатысу арқылы өз біліктілігінің деңгейін көтереді.
Карантин жариялануына байланысты Агенттіктің аумақтық бөлімшесінде ішкі мемлекеттік аудит жүргізу уақытша тоқтатылды.