2020 жылдың 1 тоқсанда мемлекеттік қызмет туралы және Әдеп кодексі талаптарының сақталуы мәселесі бойынша орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда 241 тексеру жүргізілді.
Жүргізілген тексерулердің қорытындылары бойынша 2514 мемлекеттік қызмет туралы және қызметтік әдепті бұзылу фактілері анықталды.
Анықталған заң бұзушылықтардың жалпы санынан 726 – мемлекеттік қызметшілердің жыл сайынғы жұмысын бағалау, 309 – персонал басқару қызметтерімен лауазымды тұлғалардың қызметтiк тiзiмдерін жүргізу, 167 – тәртіптік жазалар қолдау және 1312 – басқа да мемлекеттiк қызмет және қызметтің әдеп саласындағы заңнама талаптарының бұзылуымен байланысты болған.
Тексеру қорытындылары бойынша, барлығы 115 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде: 1 – лауазымынан босатылған, 1 – лауазымынан төмендеткен, 5 - қызметіне толық сәйкес еместiгi туралы ескерту, 5 – қатаң сөгіс, 28 – сөгіс, 72 - ескерту.
Анықталған бұзушылықтардың 522 жойылды (жоюға келетіндердің ішінен) және мемлекеттік органдардың 26 заңсыз шешімдер және актілер бұзылды.