Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары М. Мырзалиннің 2021 жылғы 3 желтоқсандағы № 21-42-37.545-3 тапсырмасын орындау мақсатында Агенттіктің 2021 жылғы 11 тамыздағы № 183 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша бөлу жөніндегі әдістемесіне жекелеген өзгерістерді көздейтін бұйрық жобасы әзірленді.
Атап айтқанда, түзетулерге сәйкес алдағы уақытта мемлекеттік органдар «Б» корпусы лауазымдарын функционалды блоктарға бөлуді оның миссиясы, стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға, мемлекеттік саясатты әзірлеуге, айқындауға және іске асыруға ықпал ететін шешімдерді дайындауға әсер етуіне қарай және мемлекеттік органның қызметіне қызметшілердің тиімділігі мен үлесін ескере отырып жүзеге асыратын болады.
Бұл ретте, бөлу Әдістемеде көзделген арақатынасқа сәйкес жүргізілуі тиіс («А» блогы – 70 пайыздан артық емес, «В» блогы – 50 пайыздан артық емес, «С» блогы – 2 пайыздан кем емес). Бөлу Әдістемеде көрсетілген арақатынасқа сәйкес келмеген жағдайда, бөлу Агенттіктің немесе аумақтық департаменттердің келісуі бойынша ғана бекітіледі.
Бұйрық жобасының мәтінімен және оған қоса берілген өзге де материалдармен Агенттіктің интернет-ресурсында және «Ашық НҚА» интернет-порталында көпшілік талқылауына а.ж. 9 желтоқсанда орналастырылған келесі сілтеме арқылы танысуға болады https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=1374671 , https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=13746708 .