О признании утратившими силу некоторых приказов

Бұйрықтың жобасы «Құқықтық актілер туралы» Заңның 27-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді (жоғары деңгейдегі нормативтік құқықтық актінің күші жойылды деп танылған кезде, оны іске асыру үшін қабылданған төменгі деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тануға жатады).

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 3 шілдедегі Заңмен «А»корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резерві институты таратылды.

Жоғарыда аталған Заңды іске асыру үшін Президенттің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 151 Жарлығымен бекітілген «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу қағидалары 2021 жылғы 18 қаңтардағы № 495 Жарлығымен күші жойылды.

Сонымен қатар, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 22 қарашадағы № 64 бұйрығы жоғарыда көрсетілген Президент Жарлығына сәйкес қабылданды.

Сондай-ақ, «Ақпараттандыру туралы» Заңның 9-бабының 15) тармақшасына сәйкес ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 226 бұйрығы Агенттіктің ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректердің тізбесін қабылдады.

Сонымен бірге, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 30 желтоқсандағы Заңмен «Ақпараттандыру туралы» Заңнан орталық органдардың ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту құзыреті алып тасталды.

«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-1-бабының 3) тармақшасына сәйкес ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізбесі қабылданды, Үкіметтің 2021 жылғы 28 қазандағы № 774 қаулысымен бекітілді.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде келесі бұйрықтар күші жойылды деп тануға жатады:

- «Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 226 бұйрығы;

- «Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 226 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 8 шілдедегі № 118 бұйрығы.

Бұйрық жобасының мәтінімен және оған қоса берілген өзге де материалдармен Агенттіктің интернет-ресурсында және «Ашық НҚА» интернет-порталында көпшілік талқылауына а.ж. 29 желтоқсанда орналастырылған келесі сілтеме арқылы танысуға болады https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=13891831   .

Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы
Дата публикации
29 декабря 2021