«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу қағидаларын және шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 2016 жылғы 5 желтоқсандағы № 74 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы бұйрығының жобасы

Агенттік «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу қағидаларын және шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 2016 жылғы 5 желтоқсандағы № 74 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы бұйрығының жобасын әзірледі.

Бұйрық жобасында мыналар:

  • вице-ректорлар үшін 2 жылда бір рет, қалған қызметкерлер үшін 3 жылда бір рет аттестаттауды өткізу кезеңділігінің өзгеруі;
  • басшылық құрам үшін құзыреттер бойынша сұхбаттарды енгізу; - әңгімелесуде қызмет нәтижелері мен болашаққа жоспарлары туралы презентация ұсыну;
  • лауазымдық санатына қарай келесі критерийлер бойынша бағалау жүргізу: қызметті ұйымдастыру, жауапкершілік, бастамашылдық, Академияның дамуына үлес қосу, орындаушылық, өзін-өзі дамыту және әңгімелесу;
  • аттестаттау комиссиясының сапалық құрамының өзгеруі (комиссия құрамына сондай-ақ Агенттіктің және ПӘ-нің тиісті құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері кіреді) көзделеді.

Бұйрық жобасының мәтінімен және оған қоса берілген өзге де материалдармен Агенттіктің интернет-ресурсында және «Ашық НҚА» интернет-порталында а.ж. 3 желтоқсанында орналастырылған келесі сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=13594161 .

«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу қағидаларын және шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 2016 жылғы 5 желтоқсандағы № 74 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Дата публикации
03 декабря 2021