«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) кейбір мәселелері туралы» 2019 жылғы 22 шілдедегі № 74 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

Жарлық жобасымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің құрылымын өзгерту көзделген.

Атап айтқанда, Мемлекеттік қызмет департаментін жеке үш құрылымдық бөлімшелерге бөлу ұсынылады. Бұл, салалық департаменттің кадрлық потенциалын күшейту қажеттігімен байланысты, себебі, қолданыстағы құрылым мемлекеттік қызметтегі кадрлық саясатты нақты қарауға және іске асыруға жол бермейді.

Жоғарыда аталған шешім мемлекеттік қызметтегі мәселелерін жеке блоктарға бөлуге және тиісінше аталған бағыттағы жұмыс жүйелілік мәнге ие болады.

Бұдан басқа, қаржы мәселелерін үйлестіруді жақсарту мақсатында Экономика және қаржы департаментін құру ұсынылады. Сондай-ақ, кадр саясатына инновациялық тәсілдерді енгізу мақсатында персоналды басқару қызметі адами ресурстарды басқару департаменті болып қайта құрылатын болады. Сондай-ақ, Департамент HR Стратегиялық жоспарлау әдістерін сынайды.

Өз кезегінде, экономика және қаржы, Адам ресурстарын басқару департаменттеріне орталықтандырылған бухгалтерия және Мемлекеттік сатып алу, кадрлық іс жүргізу функциялары жүктелетін болады. Бұл шара аумақтық департаменттердің назарын салалық мәселелердің сапалы орындалуына ғана аудара отырып, процестерді орталық деңгейде тиімді басқаруға мүмкіндік береді.

Жарлық жобасының мәтінімен және оған қоса берілген өзге де материалдармен Агенттіктің интернет-ресурсында және «Ашық НҚА» интернет-порталында көпшілік талқылауына а.ж. 9 қарашада орналастырылған келесі сілтеме арқылы танысуға болады https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=12844317 .

«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) кейбір мәселелері туралы» 2019 жылғы 22 шілдедегі № 74 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы
Дата публикации
09 ноября 2021