«Президенттік жастар кадр резервінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 141 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 141 «Президенттік жастар кадр резервінің кейбір мәселелері туралы» Жарлығына өзгерістер енгізу туралы Жарлықтың жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 17 тамыздағы есептік кездесуі барысында берген тапсырмасын іске асыру үшін әзірленді.

Алдыңғы іріктеу тәжірибесін ескере отырып, кандидаттардың құндылық бағдары бойынша талаптар тұжырымдамалық тұрғыдан қайта қаралды. Атап айтқанда, бірінші кезекте қоғамдық мүдделерді басқаратын адамдар арасынан резерв қалыптастыруға баса назар аударылады. Рекрутингтік құралдар алдыңғы жұмыс учаскелерінде нақты қайта құру тәжірибесі бар трансформациялық көшбасшыларды анықтауға шоғырланатын болады.

Осыған орай, Президенттің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 141 «Президенттік жастар кадр резервінің кейбір мәселелері туралы» Жарлығымен бекітілген Президенттік жастар кадр резервін қалыптастыру қағидалары жаңа редакцияда жазылады.

Жарлық жобасының мәтінімен және оған қоса берілген өзге де материалдармен Агенттіктің интернет-ресурсында және «Ашық НҚА» интернет-порталында көпшілік талқылауына а.ж. 18 қаңтарда орналастырылған келесі сілтеме арқылы танысуға болады https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=6457467  .

«Президенттік жастар кадр резервінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 141 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
18 января 2021