«Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларын, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 125 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Агенттікпен «Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларын, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы

15 наурыздағы № 125 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы әзірленді.

Аталған қаулы жобасы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 10) тармақшасын және 34-бабын іске асыру мақсатында мемлекеттік қызметшілердің магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламаларында көзделген мемлекеттік басқару саласындағы білімді, икемділік пен дағдыны өндірістен қол үзбей алу мүмкіндігін кеңейтуді көздейді.

Қаулы жобасы 2021 жылғы 23 сәуірде «Ашық НҚА» интернет – порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=8286670 «Құқықтық көмек» бөлімінде орналастырылды.

«Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларын, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 125 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Дата публикации
23 апреля 2021