Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысы Полиция департаменті 110000, Қостанай қаласы, Баймағамбетов к-сі, 197 анықтама үшін телефон 8-(7142)-52-60-93, факс 8-(7142)-52-62-90, e-mail: DVD kostanay.gov.kz аттестатталған бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:
Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңдары, нормативтік құқықтық актілері, ІІМ, ПД бұйрықтары, ПД, ПБ туралы ереже негізінде өз қызметін жүзеге асырады және өз өкілеттігін іске асырады. Көші-қон қызметі бөлімінің және сыртқы көші-қон бөлімінің қызметін жоспарлауды жүзеге асырады. Аталған жоспарларға ұсынымдар жинауды ұйымдастырады, жоспарланған іс-шараларды орындауына бақылауды қамтамасыз етеді.
Лауазымдық еңбекақысы: 126600 – 147900 теңге.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Білімі – Жоғары: юриспруденция; халықаралық құқық; құқық қорғау қызметі; құқық және экономика негіздері.
Аталған санат бойынша лауазымдық міндеттерін атқаруға қажетті білімі. Тиісті ұйымдастырушылық және басқару дағдысы, жұмыс тәжірибесі төменде көрсетілген талаптардың біріне сай келуі тиіс:
1) құқық қорғау қызметіндегі жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;
2) арнайы мемлекеттік органдарда немесе әскери қызметтегі, не болмаса судья лауазымындағы жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;
3) мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;
4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салалардағы жұмыс өтілі алты жылдан кем емес;
5) Президенттің жастар кадрлар резервіне енгізілген адамдар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.