Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, оның аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының террористік тұрғыдан осал объектілерін терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

«Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 10-2-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 «Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы» қаулысымен орталық мемлекеттік органдар 2021 жылдан бастап террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыруға «салалық» тәсілді енгізу бойынша жұмысты жүзеге асырады.

Осыған байланысты Агенттік «Террористік тұрғыдан осал Агенттік объектілерінің, оның аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы бұйрық жобасын әзірледі.

Нұсқаулық террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды нақтылайды және террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі орындалуы міндетті іс-шараларды белгілейді.

Нұсқаулық Агенттіктің, оның аумақтық бөлімшелерінің және ведомстволық бағынысты ұйымдарының объектілеріне қолданылады.

Бұйрық жобасының мәтінімен және оған қоса берілген өзге де материалдармен Агенттіктің интернет-ресурсында және «Ашық НҚА» интернет-порталында а.ж. 3 желтақсанында орналыстырылған келесі сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=13603523 .

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, оның аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының террористік тұрғыдан осал объектілерін терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Дата публикации
03 декабря 2021