Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасын дайындады.

Жобада мемлекеттік қызметке үміткерлерді іріктеу кезінде әңгімелесудің түрлі әдістерін қолдану ұсынылады.

Новелла іріктеудің кәсіби құралдарын қолдану арқылы мемлекеттік қызметке үміткерлердің кәсіби дағдылары мен құзыреттерін анықтауға бағытталған.

Мемлекеттік органның конкурстық комиссиясы форматты өз бетінше анықтай алады: дәстүрлі әңгімелесу немесе басқа әдістер.

Сондай-ақ, бұйрықпен мемлекеттік органдарға мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалаудың автоматтандырылған жүйесін енгізу мүмкіндігі көзделеді, бұл бағалау рәсімін оңтайландыруға және қағаз құжат айналымын қысқартуға мүмкіндік береді.

Жоба 2021 жылғы 13 қазанда «Ашық НҚА» интернет – порталында  https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=12151043 «Құқықтық көмек» бөлімінде орналастырылды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
13 октября 2021