Зерттеулердің, консалтингтік қызметтер мен мемлекеттік тапсырыстың құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы

Агенттік «Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы бұйрығының жобасын әзірледі.

Бюджет кодексіне сәйкес зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құны тиісті саланың (аяның) орталық уәкілетті органдары бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайтын тәртіппен белгіленеді.

Осыған байланысты көрсетілген бұйрық жобасымен бюджеттік өтінім қалыптастыру кезінде мемлекеттік қызмет және мемлекеттік көрсетілетін қызмет саласында зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау тәртібін белгілеу көзделген.

Бұйрық жобасының мәтінімен және оған қоса берілген өзге де материалдармен Агенттіктің интернет-ресурсында және «Ашық НҚА» интернет-порталында а.ж. 13 қазанында орналыстырылған келесі сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=12150963 .

Зерттеулердің, консалтингтік қызметтер мен мемлекеттік тапсырыстың құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы
Дата публикации
13 октября 2021