Есепті жылы бәсекеге қабілетті мамандардың мемлекеттік қызметке рекрутинг жүйесін жаңғыртуға бағытталған шаралар қабылданды.
Мәселен, Президенттік ;астар кадрлық резервіне іріктеу кезінде ел тарихында тұңғыш рет дамыған елдерде (Сингапур, АҚШ, Ұлыбритания, Канада және Малайзия) сынақтан өткізілген инновациялық технологиялық шешімдер мен әдістер қолданылды. Жоба жеңімпаздарының үштен бірінен астамы жұмысқа орналасты, әрбір резервші үшін даму жоспары жасалды.
Сонымен бірге, 2019 жылы мемлекеттік қызметке конкурстар арқылы
11 мыңға жуық азамат орналасты. Іріктеу кезеңдерінің объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз ету үшін конкурстық комиссия отырыстарының 94% тәуелсіз бақылаушылардың қатысуымен өткізілді.
Жоғары дәрежелі мамандарды тарту мақсатында жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының PhD докторы дәрежесі, сондай-ақ халықаралық және трансұлттық ұйымдарда жұмыс өтілі бар тұлғаларға конкурстан тыс тағайындалу құқығы берілген.
Кадрлық ұтқырлықты арттыру үшін саяси қызметшілерді ротациялау енгізілді және «А» корпусының институтын одан әрі жаңғырту бойынша негізгі тәсілдер әзірленді.
Мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру мақсатында факторлық-баллдық шкала мен бонустарға негізделген еңбекақы төлеу жүйесін апробациялау жалғасуда. Пилоттық мемлекеттік органдарда сапалық құрамның жақсаруы, ауысудың 2 есе қысқаруы, сондай-ақ конкурстық іріктеуге қатысушылар санының 3 есе өсуі байқалады.
Жүйелі негізде мемлекеттік қызметшілерді оқыту және кәсіптік дамыту қамтамасыз етіледі. Есепті жылы оқытудың жаңа проактивті әдістерінде («интерактивті пікірталас» және «интерактивті сабақ») қайта даярлаудан және біліктілігін арттырудан 30 мыңнан астам қызметкер өтті. Басқарушы лауазымдарды атқаруға үміткер мемлекеттік қызметкерлер үшін Назарбаев университетімен бірлесіп «Жаңа формация басшысы» бағдарламасы мен арнайы қайта даярлау курстары әзірленді.