2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әйелдердің үлесі мемлекеттік қызметшілердің нақты санының 55,7 % (89 005-тен 49 584) құрайды, оның ішінде саяси қызметшілердің арасында – 7 % (699-дан 49), «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің арасында – 11,3 % (80-нен 9), «Б» корпусы – 55,7 % (88 226-дан 49 526).
Басқарушы лауазымдарда жұмыс істейтін тұлғалардың арасында әйелдердің үлесі – 40 % (23 818-ден 9 521).
Анықтама: Әйелдердің лауазымдар бойынша ұсынылуы: министрлердің орынбасарлары – 14,3 % (70-тен 10), өңір әкімдерінің орынбасарлары – 7,1 % (84-тен 6); орталық мемлекеттік органдардың комитеттері төрағаларының орынбасарлары мен департаменттердің директорлары – 29,2 % (301-ден 88); орталық мемлекеттік органдардың аумақтың бөлімшелерінің басшылары – 12,8 % (351-ден 45); облыстық басқармалардың басшылары – 15,3 % (359-дан 55); қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары – 15,1 % (596-дан 90).
2019 жылы «Б» корпусының 43 015 әкімшілік лауазымдарына орналасуға өткізілген конкурстарға 52 144 үміткер қатысты, оның ішінде әйелдер – 24 028 немесе жалпы қатысқандар санының 46,1 %. Конкурс нәтижесінде тағайындалған әйелдердің үлесі 46,2 % (22 520-дан 10 397).
Бұл ретте, «Б» корпусының басқарушы лауазымдарына 9 985 үміткердің 32,5 %-ын (3 247) әйелдер құрады.
Конкурс нәтижесінде басқарушы лауазымдарға тағайындалған тұлғалардың арасынан әйелдердің үлесі 32,1 % (5 920-дан 1 903) құрады, соның ішінде:
Орталық мемлекеттік органдар – 35,9 % (2 502-ден 898), олардың ішінде:
Жергілікті атқарушы органдар – 29,4 % (3 418-ден 1 005), олардың ішінде: