2019 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын тексерулердің қорытындысы

Агенттік және оның аумақтық департаменттері бақылау функциясының аясында 2019 жылы 957 тексеру іс-шараларын жүргізіп (бақылау объектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау - 244, жоспардан тыс тексерулер - 713) , 66,9 мың бұзушылықтар анықтады (ОМО, оның ішінде АД - 40 мың, ЖАО – 26,9 мың).

Жалпы, жүйелі түсіндіру жұмыстарының және Агенттіктің бұзушылықтарды, оларды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі енгізілген нақты нұсқаулардың, сондай-ақ әкімшілік және тәртіптік тәжірибені күшейту арқасында мемлекеттік органдармен жасалған заңбұзушылықтар саны азайған.

Анықтама үшін: 2019 жылы 2018 жылмен салыстырғанда мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заң бұзушылықтар 33% -ға төмендеді (2018 жылы – 100 мың, 2019 жылы – 66,9 мың бұзушылық).

Осылайша, ұсынылған ұсыныстардың нәтижелері бойынша 849 тұлға әр түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды (әкімдіктер - 636, орталық мемлекеттік органдар - 213), олардың 26% (214) қызмет берушілердің басшылығына тиесілі.

Анықтама үшін: ескерту – 499, сөгіс – 276, қатаң сөгіс – 57, қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту – 8, атқаратын лауазымынан шығару – 9.

Агенттікпен ӘҚБтК 465-бабымен 2019 жылы әкімшілік құқық бұзушылық туралы 552 хаттама толтырылды (2018 жылы - 397, 2017 жылы - 202 әкімшілік іс). Мемлекет кірісіне айыппұл түрінде 13,5 миллион теңге өндірілді.

Анықтама үшін: әкімшілік жауапкершілікке орталық органдар ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінің 18 басшылары, облыстық басқармаларлың 13 басшылары, аудан, қала және ауылдық округтің 30 әкімдері және  қалалық және аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, ауыл шаруашылығы бөлімдерінің 102 басшылары тартылды.

Итоги проверок качества оказания государственных услуг за 2019 год
Дата публикации
20 января 2020