2019 жылда мемлекеттік қызмет туралы және Әдеп кодексі талаптарының сақталуы мәселесі бойынша орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда 1063 тексеру жүргізілді.
Жүргізілген тексерулердің қорытындылары бойынша 6366 мемлекеттік қызмет туралы және қызметтік әдепті бұзылу фактілері анықталды.
Анықталған заң бұзушылықтардың жалпы санынан 839 – мемлекеттік қызметшілердің жыл сайынғы жұмысын бағалау, 790 – азаматтардың өтініштерді қарау барысында, 782 – конкурс өткізудің қағидаларының талаптары және 3955 – басқа да мемлекеттiк қызмет және қызметтің әдеп саласындағы заңнама талаптарының бұзылуымен байланысты болған.
Тексеру қорытындылары бойынша, барлығы 507 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде: 7 – қызметтен босатылған, 4 – лауазымынан төмендеткен, 29 - қызметіне толық сәйкес еместiгi туралы ескерту, 47 – қатаң сөгіс, 152 – сөгіс, 268 - ескерту.
Анықталған бұзушылықтардың 1562 жойылды (жоюға келетіндердің ішінен) және мемлекеттік органдардың 125 заңсыз шешімдер және актілер бұзылды.