Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 22 шілдедегі № 74 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі туралы ереженің 21-тармағының 7) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;
5) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;
6) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес;
7) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес;
8) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес;
9) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес;
10) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес;
11) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес;
12) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес;
13) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес;
14) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес;
15) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес;
16) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес;
17) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқолыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Заң департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде оны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;
2) осы бұйрықты Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Агенттіктің аумақтық органдарының басшылары осы бұйрықтан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы |
А. Жаилғанова |