Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың сақталуы бойынша тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағын бекіту туралы

 БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қоса берілген:

      1) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың сақталуы бойынша тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері осы бірлескен бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;

      2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласында "Мемлекеттік қызметтер көрсету" Заңының, Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының, мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары мен регламенттерінің талаптарын сақтау бойынша тексеру парағы осы бірлескен бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың сақталуы бойынша тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 9 ақпандағы № 32 және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 15 ақпандағы № 68 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14909 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 28 наурызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызметтер көрсету департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін ресми жариялау үшін және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

      3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау және бағалау мәселелеріне жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы ______________А. Шпекбаев

 

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ______________Т. Сүлейменов
 

 

 

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының

      Құқықтық статистика және арнайы

      есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы

      _________________________ Қ. Жақыпбаев

      2018 жылғы " "______________

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың сақталуы бойынша тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағын бекіту туралы
Дата публикации
31 октября 2018