2020 жылы 27 ақпанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінде «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға үміткерлерді іріктеу жөніндегі Конкурстық комиссиясының (бұдан әрі – Комиссия) отырысы өтті.
Отырыс қорытындысы бойынша Комиссия мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының бас маманы лауазымына орналасуға құжаттарын тапсырған үміткерлер жоқ болғандықтан аталған лауазым бос деп танылсын, сондай-ақ барлық мемлекеттік органдардың қызметшілері арасында конкурс жариялау туралы шешім қабылдады.