Агенттік «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы арасындағы «Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабты институционалдық қолдау» жобасы бойынша Қаржыландыру туралы келісімге қол қою туралы қаулы жобасын әзірледі.
Қаулы жобасына сәйкес бөлінген қаражат үздік әлемдік тәжірибені және мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруға инновациялық тәсілдерді тарта отырып, Қазақстанда жүргізіліп жатқан институционалдық реформаларға қолдау көрсету үшін пайдаланылатын болады.
Қаулы жобасының негізгі мақсаты Қазақстан Үкіметі мен қатысушы елдерге мемлекеттік қызметтің адами және институционалдық әлеуетін одан әрі дамытуды ұлғайту, зерттеулер жүргізу және жаңа білім алу, сондай-ақ өңірде және одан тыс жерлерде әріптестікті нығайту жолымен мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жүйесін жетілдіруде жәрдемдесу болып табылады.
Жоба 2021 жылғы 7 маусымда «Ашық НҚА» интернет-порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=9278150 «Құқықтық көмек» бөлімінде орналастырылды.