«Мемлекеттік қызметшінің жеке ісін жүргізу үшін қажетті құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі бұйрығының жобасы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі «Мемлекеттік қызметшінің жеке ісін жүргізу үшін қажетті құжаттар тізбесін бекіту туралы» бұйрығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № 447 «Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 және «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) кейбір мәселелері туралы» 2019 жылғы 22 шілдедегі № 74 жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Жарлығын іске асыру үшін әзірленді

Президенттің осы Жарлығымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі туралы Ереже мемлекеттік қызметшінің жеке ісін жүргізу үшін қажетті құжаттар тізбесін әзірлеу және бекіту жөніндегі жаңа функциямен толықтырылды.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде, мемлекеттік органдарда жеке істерді жүргізу жөніндегі жұмысты ретке келтіру үшін құқықтық негіз жасау мақсатында «Мемлекеттік қызметшінің жеке ісін жүргізу үшін қажетті құжаттар тізбесін бекіту туралы» бұйрықтың жоғарыда аталған жобасы әзірленді.

Жоба 2021 жылғы 1 маусымда «Ашық НҚА» интернет – порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=9140651 «Құқықтық көмек» бөлімінде орналастырылды.

Дата публикации
01 июня 2021