«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестікті тексеру үшін аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдеріне кандидаттардың аудандық (қалалық) сайлау комиссиясына ұсынатын құжаттарының тізбесін бекіту туралы» бірлескен Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қаулысының және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі бұйрығының жобасы

Агенттік «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестікті тексеру үшін аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдеріне кандидаттардың аудандық (қалалық) сайлау комиссиясына ұсынатын құжаттарының тізбесін бекіту туралы» бірлескен Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қаулысының және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі бұйрығының жобасын әзірледі.

Аталған жоба «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-2-бабына сәйкес әзірленді.

Осы акт жобасының негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестікті тексеру үшін аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдеріне кандидаттардың аудандық (қалалық) сайлау комиссиясына ұсынатын құжаттарының тізбесін айқындау болып табылады.

Жоба 2021 жылғы 1 маусымда «Ашық НҚА» интернет – порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=9140651 «Құқықтық көмек» бөлімінде орналастырылды.

Дата публикации
01 июня 2021